Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыс аумағында «Пиротехника» ЖПІШ өткізіледі

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, 2023 жылғы 25 желтоқсан – 2024 жылғы 03 қаңтар аралығында Қызылорда облысы ПД мен ТЖД өртке қарсы қызмет бөліністерімен бірлесіп облыс аумағында «Пиротехника» ЖПІШ өткізіледі.


Іс-шараның басты мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, қолдану, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру, сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау, осы өнімдердің салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады.
Аталған іс-шараға байланысты, облыс көлеміндегі базарлар мен сауда орындарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Мереке қарсаңында балалар арасында жарақат алуды болдырмау мақсатында, барлық білім беру мекемелерінде Жергілікті полиция қызмет басқармасының ювеналды полиция  инспекторларымен қауіпсіздік шаралары туралы дәрістер өткізіліп, оқу орындарының аумағында пайдалануын жолын кесуге бағытталған жұмыстар атқарылады.

Сурет - Қызылорда облыстық полициясы
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: