Аудан әкімі Қ. Сәрсенбаев пен Тартоғай ауылдық округінің әкімі Д.Сүйіндік ауыл тұрғындары алдында есеп берді.
Тәуелсіздік жылдары ауылдық округте біршама жұмыстар атқарылған. Ауыл тұрғындары кәсіпкерлік бағытта көш бастап келеді. 2015 жылы елді мекенде 10 кәсіпкер болса, былтырғы жылы кәсіпкерлер саны 29 жеткен. Елді мекендегі биылғы жылдың жаңалығы жаңадан балабақша бой көтереді. 90 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 164 млн. 700 мың қаржы бөлінді. Бұл ауылда жұмысыздық мәселесі шешімін тауып келуде. Былтырғы жылы 38 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ауылда аяқ су әкелетін Р-7 каналы тазаланып, аяқ су мәселесі түбегейлі шешімін тапты.