«Даму» қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы «Бизнес аллеясы» акциясын ұйымдастырды.
Қордың бастамасын қолдағандар қатарында екінші деңгейлі банктердің басшылары, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер болды.
Аталған акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Қатысушылар теректің 50 түп көшетін отырғызды.
- Ағаш отырғызу – сауапты іс. Сондықтан алдағы уақытта балаларым мен таныстарыма осы аллеяның түзілуіне атсалысқанымды мақтанышпен айта жүремін, -дейді кәсіпкер Мағжан Ералиев.
- Қызылорда қаласында бизнес аллеясының пайда болғанына қуаныштымыз. Шараның өтуіне атсалысып, аллеяны көшеттендіруге келген қатысушыларға алғыс білдіреміз, - дейді «Даму» қоры аймақтық филиалының директоры Жансұлтан Матаев.