«Тазалық - саулық негізі» дейді дана халқымыз. Тазалық жоқ жерде елдің болашағы бұлыңғыр, келешегі күмәнді болары хақ. Көрікті мекеніміздің келбеті тек сәнді де сәулетті ғимараттармен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейтіні белгілі. Күн сайын кемел келешекке құлаш сермеп, көркейіп келе жатқан ауданымыздың ажары оның тазалығына да тікелей байланысты.
Осы ретте бүгін аудан әкімінің төрағалығымен аудан бойынша санитарлық тазалықты қамтамасыз ету туралы жиын өтті.
Жиын барысында «Ауданда күзгі көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының екі айлығын жариялау туралы» аудан әкімінің өкімі қабылданғандығы ескеріліп, арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жаз бойы бей-берекетсіз тасталған күл-қоқыстың қала көркіне нұқсан келтіріп отырғанын әрі санитарлық тазалыққа жеткілікті қаржы бөлініп, алайда тазалық шараларының өте төмен дейгейде екендігін сынға алған аудан басшысы бірінші кезекте мобильді жұмысшы топ мүшелері қарқынды жұмыс жасауды қамтамасыз ету қажет екендігін баса айтты.
Сонымен қатар, тазалыққа шақыру акцияларын ұйымдастыра отырып, бекітілген сенбілік уақытылы, тиісті деңгейде атқарылуы тапсырылды.