Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған екі  адам ұсталды

Қызылордада өзінің танысының үйіне баса көктеп кіріп, зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған екі адам ұсталды. 
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының 102 арнасына 70 жастағы зейнеткер арызданды. Айтуынша, таныстары үйіне баса көктеп кірген. Күш қолданып, аяқ-қолын байлап тастаған. Содан кейін ұялы телефоны мен банк картасын ашық түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа күдіктелген екі адам ұсталды. Екеуі де бұрын сотты болған  қала тұрғындары болып шықты. Оларға қатысты  ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.  Онда қарақшылық, яғни тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық жағдайы көрсетілген. Күдіктілер уақытша ұстау  изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: