Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 751 мың адам тұрады

2014 жылдың  1 қарашасына  қызылордалықтардың жалпы саны (алдын-ала деректер бойынша) – 751,2  мың адамды құрады, соның ішінде қала халқы – 323,7 мың, ауыл халқы – 427,5 мың адам. 
Облыстық статистика департаменітінің хабарлауынша, қалалық тұрғындар үлесіне  43,1%, ауылдықтар үлесіне – 56,9% тиесілі. 2014 жылдың қаңтар-қазан айында Қызылорда облысында туылғандар саны 17311 адамды құрады, бұл 2013 жылдың  осы кезеңімен  салыстырғанда  449 адамға көбейді. Жалпы халықтың туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 27,60-тан 27,84-не  көбейген.  2014 жылдың қаңтар-қазан айында облыста  өлім көрсеткіші 3814 адамды  құрап, 121  адамға көбейді (2013 жылдың қаңтар-қазан айында  3693 адам), ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 6,04-тен 6,13-не көбейген.  Тұрғындар арасындағы өлім себептерінің негізгі топтарының басым үлес салмағын қан айналымы жүйесінің аурулары алады (15,1%).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: