Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҚУШЫЛАР ЕРЛЕР ЖЕЙДЕСІН ТІГЕТІН ФАБРИКАМЕН ТАНЫСТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҚУШЫЛАР ЕРЛЕР ЖЕЙДЕСІН ТІГЕТІН ФАБРИКАМЕН ТАНЫСТЫ

 

Ашылғанына 3 ай болып, республика көлемінде кең таралып жатқан ерлер жейдесін тігетін тігін фабрикасында Қызылорда қаласының оқушылары қонақта болды.
Өз қызметтері мен кәсіптерінің қыр-сыры жайлы мамандар оқушыларға егжей-тегжейлі түсіндірді. Оқушылар саладағы заманауи, сұранысқа ие мамандықтар жөнінде мағлұматтар алып, жаңа технологияларды пайдалану арқылы қалай өмір сүру сапасын жақсартуға болатындығымен танысты.
Тігін машиналары, қосалқы заттардың барлығы жапондық технология бойынша Түркиядан сатып алынған. Қазіргі таңда 30-дан астам адам жұмыс жасайды. Алғашында 100 киімнен бастаған фабрика бүгінде тәулігіне 200-ден астам жейделер тігілуде. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 400-500-ге дейін жеткізуді жоспарлауда. Осы кезге дейін киімдерді шетелден әкеліп, алып-сатумен айналысқан кәсіпкер Ділмұхамед Абызов ерлер жейдесін өзімізде де сапалы тігуге болатынын, оның тіпті пайдасы мол екеніне көз жеткізген. 
Өңірден бөлек Алматы, Атырау және Шымкент шаһарларының  сауда сөрелерінен орын алған қызылордалық жейделерді кәсіпкер жыл соңына дейін ел нарығына толық шығарып, тіпті Ресейге дейін экспорттауды жоспарлауда. Сонымен қатар, алдағы уақытта оқушылар киімін тігу де жоспарымызда бар,-деген фабрика тігіншісі Жадыра Ботабекова, оқушыларға фабриканың қызмет түрлерімен таныстырды. 
Таныстырылым барысында оқушылар жақынырақ танысқандарына ризашылық білдіріп, Қызылордада мұндай тігін фабрикасының бар екеніне, олардың жұмыстарымен жақынырақ танысқандарына және осында тәжірибеден өтсек, үйренсек деген өз пікірлері мен ұсыныстарын да білдірді.
Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлмира Әлназарова оқушылардың кәсіптік бейімдеу шараларының аудандарда да өткізіліп, жалғасын табатындығын жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: