Қызылорда облыстық прокуратурасымен «Алаяқтық қылмыстың алдын алу» жобасы әзірленіп, жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Жобада аталған санаттағы қылмыстың алдын алумен қатар, алаяқтық қылмысы үшін сотты болғандардың тізімі облыстық прокуратураның сайтына орналастыру көрсетілген.
Алаяқтық – кең таралған мүліктік қылмыстардың бірі. Алаяқтық тәсілдердің бірі – пәтер, жер учаскесін, банктерден несие алып беремін, жұмысқа орналастыруға көмектесемін деп ақшасын иемденіп алу. Алаяқтардың тұлғасы өзіндік әрекетімен ерекшеленеді, адамдардың психологиясымен жете танысып және өмірдегі нақты оқиғаларда пайдаланады: атап айтсақ, сенімділік пен жаны ашығандық танытып, өзіне қарай икемдеп алады.
Осыған байланысты, облыстық прокуратура азаматтарға бейтаныс немесе толық танып-білмейтін адамдарға сенімділік танытпауды, қандай да бір қызмет көрсету барысында жеке құжатын немесе қызметтік куәлігін көрсетуді талап етіп, оның қандай да бір жәрдемақы немесе жеңіл табыс табуға уәдесіне сенбеу қажет екендігі туралы түсіндіреді. Ең алдымен, заң қызметкерлерінен қажетті кеңестерді алып, сақтық шараларына ерекше назар аудару қажет. Облыстық прокуратура сотты болғандардың тізімін жұртшылық назарына ұсынды.