Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Көлікті масаң күйде басқарған 35 жүргізуші анықталды

Көлікті масаң күйде басқарған 35 жүргізуші анықталдыОблыс көлемінде «Мас жүргізуші-қылмыскер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл шара қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, әсіресе көлік құралын масаң күйде басқару деректерін анықтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолын кесу, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмыстарын өз деңгейінде жоғарылату мақсатында ұйымдастырылды.  
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабаралуынша, іс-шара барысында Қызылорда ОІІД қызметкерлерімен жол қозғалысы ереже талаптарын бұзудың 2171 дерегі анықталды. Оның ішінде, көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды немесе радиостанцияны пайдалану дерегі бойынша – 439, көлік жүргізушілерінің белгіленген жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша – 224, көлік құралын масаң күйде басқару дерегі бойынша – 35 құқық бұзушылық анықталды. Орын алған  барлық құқық бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік шаралар көрілді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: