Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Бүгін - тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні 

Тұңғыш рет тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні 1983 жылы 15 наурызда атап өтті. 1985 жылы 9 сәуірде БҰҰ Бас Ассамблеясы тұтынушылардың мүдделерін қорғауға арналған ереже қабылдады. Жыл сайын дүииежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні белгілі бір ұранмен өткізіледі. Биыл «Әділ цифрлық қаржылық қызметтер»  ұранымен атап өтілмек.


-Дүниежүзілік ұйым бүкіл әлемдегі тұтынушылардың мүдделерін қорғайды. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңында арнайы нормалар бекітілген. Аталған заңда тұтынушының өміріне, тауары немесе мүлкіне зиян келген жағдайда келтірілген залалды толық көлемде өтету қарастырылған. Қазіргі таңда интернет арқылы тауар сатып алу барысында алаяқтықтың құрбаны болу жиі кездеседі. Сол себепті ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек, - деді  ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов.
Сонымен қатар  брифинг барысында әлеуметтік желі арқылы тауарларды сатып алу және төлеу кезінде алаяқтыққа ұшырамас үшін техникалық, қаржылық, құқықтық тұрғыдан қаржылық сауаттылықтың керектігі айтылды. 
-Қаржылық сауаттылық – бірінші кезекте өз ақшаңызды сауатты басқаруды білдіреді. Халықтың қаржылық білімін арттыру тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Тауар сатып алу барысында кез келген құжатты мұқият оқып шығыңыз. Егер шартқа қол қоюға күмәндансаңыз арнайы мамандардың көмегіне жүгінген дұрыс, - деді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қызылорда қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының бас маманы Мұрат Сарманов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: