Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Әлеуметтік желінің әлеуеті талқыланды

Әлеуметтік желінің әлеуеті талқыландыАрал ауданына Нұр-Мүбарак университетінің докторанттары Серік Тәжібаев пен Сералы Пірімовтер арнайы іссапармен келді. 
Облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы, аудандық ішкі саясат бөлімі, «Консенсус» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған тәлімгерлер сапары аудандық мәдениет үйінде «Діни сауаттылық және әлеуметтік желілер» тақырыбында өрбіді. Елімізде орын алып жатқан түрлі адасушылықтардың алдын алып, халықтың діни тұрғыдағы сауаттылығын арттыруға бағытталған шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Болат Апенов, ішкі саясат бөлімінің мамандары, үкіметтік емес ұйымдар, мұғалімдер және дінтанушы мамандар қатысты. 
Университет докторанттары қатысушыларға теріс бағыттағы ағымдардың тынымсыз әрекеттерін тоқтатуда дәстүрлі ұстанымды берік ұстануды насихаттады. Сонымен бірге, кейбір әлеуметтік желілер мен ғаламтор сайттарынан сақтау мәселелерін ортаға салып, дінтанушы мамандармен өзара пікірлесті. Жастардың сенім жүйесін оң бағытқа тәрбиелеуде діни сайттарға қатысты қойылған сұрақтарға сауатты түрде жауаптар беріліп, аудандағы бірқатар дінтану пәнінің мұғалімдері өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру жолында атқарған еңбектері үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: