Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңақорғанда кәсіпкерлік өрістеп келеді

Кәсіпкерлікті дамыту – ұлттық экономиканың тірегі, қуатты күші және қайнар бұлағы. Яғни, экономикалық өсім, салық, бюджет, жұмыс орындары және қоғамдық-саяси тұрақтылық тұтастай кәсіпкерлікке тәуелді.
Сондықтан Жаңақорған ауданында кәсіпкерлік саласын дамытуға айрықша басымдық беріледі. 2021 жылдың 1 шілдесіне ауданда 5640 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, жұмыс жасайтын субъектілердің саны 5328 бірлікке жетті. Онда 8011 адам жұмыспен қамтылып, 2 млрд 229 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкерлік субъектісінің саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға өсті.
Ал, өзге аудандар өмірімен салыстырғанда шағын және орта кәсіпкерлік және ондағы белсенді субъектілер бойынша Жаңақорған алдыңғы қатарға шыққан ауданға айналды. Жыл басынан бері түрлі қаржы ұйымдары арқылы кәсіпкерлік саласында 1 млрд 164,3 млн теңгенің 423 жобасы қаржыландырылды.
Біз барынша кәсіпкерліктің тынысын тарылтып алмауымыз тиіс. Бұл ретте, жаңақорғандықтар белсенді болуы қажет. Себебі оңтүстік аймақтың мүмкіндігі мол, жер, су, ауа райы қолайлы, тау жынысы, уран өндірісі өріс алған. Статистикалық дерек бойынша, кәсіпкерлік саласында қаржы тартуда облыста үштікке енеміз. Бұған тоқмейілсуге болмайды, әлі алар асуымызға қол жеткен жоқ.
Өңірді Индустриялық - инновациялық дамыту бағытында республикалық индустрияландыру картасына 1 жоба («Шалқия Цинк ЛТД» АҚ кен байыту фабрикасы), өңірлік индустрияландыру картасына 2 жоба («Қуат керамзит» ЖШС керамзит құрылыс материалдарынан кірпіш және блок шығару, құны 130,0 млн.теңге, «Абдулла» ШҚ жылына 3,8 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы, құны 4 млрд.теңге) енді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: