Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада қылмыс саны 13 пайызға төмендеді

Облыста бес айда тіркелген қылмыс саны 13 пайызға төмендеді. Қоғамдық орындарда, көшеде, мас күйінде, отбасы-тұрмыстық саласында жасалған қылмыстар саны азайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шамшидин Амитов баяндады.
- 17 мамыр мен 16 маусым аралығында «Қауіпсіз жол» шарасы өтуде. Бұл шараның 30 күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 10 мыңнан астам дерегі және көлік құралын масаң күйде басқарудың 104 дерегі анықталды. Ал 694 автокөлік айып алаңдарына қойылған. Қоғамдық қауіпсіздік пен отбасы саласындағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру бағытында маусымның 9-ы мен 16-сы аралығында «Тұрмыс» шарасы ұйымдастырылуда. Шара барысында 150 адамға қорғау нұсқамасы шығарылса, 17 адамның мінез-құлқына сотпен ерекше талаптар белгіленді, - деді Шамшидин Амитов.
Сондай-ақ, 11-17 маусымда жасөспірімдердің арасындағы қылмысты болдырмау үшін «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде 252 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Есепті мерзімде 409 алаяқтық қылмысы тіркелді. Орын алған алаяқтықтың 268 дерегі интернет немесе әлеуметтік желі арқылы жасалған. Сондықтан, сақтық шараларына ерекше назар аударып, ең алдымен заңгерлерден қажетті кеңестер алу қажеттігін ескертеміз. Біздің тарапымыздан интернет алаяқтық қылмысының алдын алу үшін, интернет желісіндегі күмән тудыратын сайттарды бұғаттау жұмыстары жүргізілуде,- деді Шамшидин Амитов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: