Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОМАРТАШЫЛАР КЕЗДЕСЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОМАРТАШЫЛАР КЕЗДЕСЕДІАғымдағы жылғы 8-9 сәуірде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен БҰҰ даму бағдарламасының Қызылорда облысындағы өкілдігі бірлесіп аймақта бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар арасында «Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында бал ара шаруашылығын дамыту» тақырыбында  семинар өткізеді.
Қызылорда облысының  кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша,  шараға Қазақстанның «Бал-Ара»  омарташылар Қауымдастығының вице-президенті Ғабит Нұрәділ, Шығыс Қазақстан облысының омарташысы Сағындықов Нұрлан, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, тиісті сала мамандары, қаржы институттары мен өңірдегі омарташылар қатысады деп жоспарлануда.
Шара барысында жаңа технологияларды пайдалана отырып бал ара шаруашылығын дамыту, омарташылықты бизнеске айналдыру мәселесі талқыланып, Шығыс Қазақстан облысының бал ара шаруашылығының жұмыс тәжірибесі таныстырылады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: