Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда Кеден одағы елдеріне экспортқа азық-түлік өнімдерін шығарды

Қызылорда Кеден одағы елдеріне экспортқа азық-түлік өнімдерін шығардыАлдын–ала деректер бойынша 2014 жылдың қаңтар-қарашасында Қызылорда облысының Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 63176,2 мың АҚШ долларын құрады. 
Осының нәтижесінде 2013 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 19,7%-ға азайды, оның ішінде экспорт  6460,9 мың АҚШ доллар (8,9%-ға азайды), импорт – 56715,3 мың  АҚШ доллар (20,8%-ға төмен).
2014 жылғы қаңтар-қарашада барлық экспорт көлемі Ресей Федерациясына қалыптасты,  импорт 55796,0 мың АҚШ долларын құрады. 2014 жылдың қаңтар-қарашасында Беларусь Республикасынан импорт 919,3 мың  АҚШ долларын  құрады. Қызылорда облысының экспорты құрылымында көпшілігін малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар (96,7% Кеден одағы елдерінің барлық экспорттының көлеміне) құрады. Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан үлкен дәрежеде машиналар, жабдықтау, транспорттық құралдар және аппараттар (Кеден одағы елдерінің импорттының жалпы көлеміне 47,5%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (13,6%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (11,6%), тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары (8,8%), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар (7,4%), минералды өнімдер (3,7%), әкелінді.  

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: