Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда 1800 бала бірінші сынып табалдырығын аттады

Аралда 1800 бала бірінші сынып табалдырығын аттадыҚаладағы №260 орта мектебінде ұйымдастырылған алғашқы қоңырау мерекесіне аудан әкімі Абзал Мұхимов қатысты. Жиында сөз алған аудан басшысы жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, ауданның ҰБТ-дан жоғарғы көрсеткішке ие болғанын айтты. 
Өткен жылы аталған білім ордасының жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгенін сөз етті. Биыл аудан бойынша бірінші сынып табалдырығын 1800 бала аттады. Аталған мектептің бірінші сыныбына 55 бала қабылданды.
Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным Қазақстан» атты кітабы сыйға берілді. ҚР Әнұраны шырқалғаннан кейін, 11 сынып оқушысы Жасұлан Әбуов пен бірінші сынып оқушылары Айзере Өміржан, Әділхан Ахмет алғашқы қоңырауды соқты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: