Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Екі ауданда есірткі егілген алқаптар жойылды

Екі ауданда есірткі егілген алқаптар жойылдыҚызылордалық полицейлер Жаңақорған ауданындағы Шалқия кентіне қарасты тау беткейінде есірткі затына ұқсас өсімдік өсіп тұрған алқапты анықтады. Бұл жайында облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлады.
Ағымдағы жылдың 18 тамызында түнгі сағат 01:00-де Шалқия кентінен 75 шақырым жердегі бес егістік алқабында егіп-баптау жұмыстарымен айналысып жатқан 1959 жылы туылған және 1987 жылы туылған 2 азамат ұсталды. Тексеру барысында аталған азаматтардың Жаңақорған кентінің тұрғындары екендігі белгілі болды. Өсіруге заңмен тыйым салынған 259 түп сора өсімдігі өртеу жолымен жойылып, сезікті азаматтар аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. 
Дәл осындай дерек Жалағаш ауданында да тіркелді. 19 тамыз күні таңғы сағат 06.00 шамасында Жалағаш ауданы, Мырзабай елдімекенінен шығысқа қарай 30 шақырым жерде есірткі затына ұқсас өсімдікті егіп, күтіп-баптап жатырған 1977 жылы туылған Жалағаш тұрғыны ұсталды. Аталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақ ретінде алынған 545 түп есірткіге ұқсас өсімдікке тағайындалған сараптама қорытындысы «сора» өсімдігіне жататынынын бекітіп, жалпы салмағы 272,5 кг-ды құрайтындығынын анықтаған. 
Жоғарыда көрсетілген екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтардың кінәлары дәлелденген жағдайда, сот шешімімен 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде (3964000 тг) айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: