Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кәсіподақ ұйымдарын ашуға келіссөздер жасалды

Кәсіподақ ұйымдарын ашуға келіссөздер жасалдыҚызылорда облыстық кәсіподақтар Орталығы «Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлері салалық кәсіподақ» ұйымының төрағасы Мырзаханов Серік Мырзаханұлымен бірлесе отырып, күн тәртібі бойынша кезекті кездесулерге шықты.
Мақсат – мекемелерде бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу бойынша келіссөздер жасау. Құрылыс саласы бойынша облыс аумағында жұмыс атқарып жатқан мекемелер арасында кәсіподақ ұйымы жоқ мекемелер кездеседі.
Аймақта көптеген жылдардан бері жұмыс жасап жатқан «Дәнекер» ЖШС басшылығымен кездесіп, мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы келіссөздер жүрді. Кәсіпорынның атқарушы директоры Жоламан Спанов облыстық кәсіподақтар өкілдерін жылы қабылдап, кәсіподақ ұйымын ашуға қарсы еместігін, тез арада басшылық пен жұмыскерлер біріге отырып, бұл мәселенің оң шешім табуына ықпал жасайтындығын айтты. Сонымен қатар, жұмысшы топ «НұрСтрой-ЛТД» ЖШС-нің Қызылорда облыстық филиалында, «ПромСтройСервис-Е» ЖШС-де, «Асар» ЖШС-де болып келіссөздер жасады.
Қоғамда нарықтық экономикада да, және әлемдік дағдарыс шарпыған кезеңде де еңбек адамының құқығы мен мүддесі басты назарда болуы кажет.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: