Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Басты қағида –заң шеңберінде қызмет алушының құқығын қорғау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.


Бұл ретте басты қағида – құқығы бұзылған азаматтардың заң шеңберінде мүдделерін қорғау және құқығын сақтау. 
Департаментке мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты қызмет алушылармен түсірілген шағымдар заң шеңберінде қаралып, тиісті шаралар қолданылуда.
Мәселен, биылғы жылдың шілде айында Департаментке қызмет алушының«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талапетпейтін мемлекет меншігіндегіжер учаскелеріне құқықтарды алу» (1-кезең)мемлекеттік көрсетілетін қызметбойынша өтінішіне Ақай ауылдық округі әкімінің аппаратыменбас тарту фактілеріне қатысты шағымы келіп түсті.
Шағым негізінде Департаментпен Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкерімен жер комиссиясы қорытындысының бір данасы Қағида талаптарында көрсетілген тәсілдердің бірімен қызметті алушыға жолданбай, Бөліммен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі бұзылғандығы анықталды.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралыДепартаментпен Бөлімге берілген ұсынудың нәтижесінде,Бөлім тарапынанмемлекеттік қызметті көрсету тәртібі бұзылғандығыүшін Бөлімнің маманына тәртіптік жаза қолданылды. Бөлім қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қызметті алушыға жер комиссиясы қорытындысының бір данасы беріліп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Атап өту қажет, мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі мерзімінде көрсету және оларды көрсету нәтижесімен қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы – мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып қала бермек. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы Департаменттің жіті бақылауында. 
Департамент әрдайым қоғаммен сындарлы диалог орнатуға, заңдық түсіндірмелер жүргізуге мүдделі.
Егер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Заңнама талаптарының сақталмағанына куә болсаңыз, яғни мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылса, артық құжаттар талап ету фактісі орын алса немесе мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылса, Сіз құқығыңызды Департаментке шағымдану арқылы  қорғай аласыз. 
Біздің мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі,1
Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 70 56 36, 8 (7242) 70-00-40.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 
Қызылорда облысы бойынша департаменті

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: