Жалағаш ауданы Еңбек ауылында аудан әкімдігі жанындағы әйелдері істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы болды.
Комиссия отырысына облыстық комиссия хатшысы Бибігүл Үмбетова, «Сыр аналары» қоғамдық қорының төрайымы Нұрсәуле Мұсаева ұ және аудандық комиссия мүшелері мен Еңбек ауылындағы батыр аналар қатысты.
Расында, Еңбек ауылы батыр аналар ауылы. Аналарымыздың алды он сегіз құрсақ көтеріп, қазір құдайға шүкір үбірлі-шүбірлі болып отырған жайы бар. Шара барысында әжелер ансамблі ұлттық салт-дәстүрге байланысты көрініс көрсетсе, ауылдағы шаруашылық төрағасы қайырымдылық шарасын жасады. Келген қонақтарымыз әжелердің әңгімесіне қанық болып, өз ризашылықтарын білдірді.