Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ІІМ Bek Air ұшағы апатының бірнеше себебін қарастырып жатыр


Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-бөлігі бойынша Алматы облысы Гүлдала ауылы аумағына "Fokker-100" жолаушылар әуе кемесінің апатқа ұшырауы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды
Тengrinews.kz тілшісі
ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "ІІМ ұшақтың апатқа ұшырауына әкеп соққан себептер мен жағдайларды сапалы және объективті тексеру жүргізеді. Тергеу барысында барлық құжаттар, аудио және бейнежазбалар зерттеледі. Әуе кемесінің жай-күйіне бірқатар сараптама тағайындалды", - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев,
ІІМ басшысы тергеушілер әуе апатының алдындағы барлық оқиғаның хронологиясын қалпына келтіру керектігін атап өтті. Осы мақсатта қызметкерлер ұшуды ұйымдастыру мен өткізуге қатысатын барлық жердегі және авиациялық қызметтердің жұмысын тексереді, жауапты тұлғалардан жауап алу және осы рейстің жолаушыларына сауалнама жүргізіледі.
Ұшу-қону жолағына тексеру жүргізілді. Әуе кемесінен өздігінен жазғыш пен борт журналы алынды. Қазіргі уақытта ұшақтың құлаған аймағын тексеру жүргізіліп жатыр.
Халықаралық талаптарға және осы санаттағы қылмыстық істерді тергеу ерекшеліктеріне сәйкес оған халықаралық авиация комитетінің (МАК) және ұшақты дайындаушы зауыттың өкілдері қатысады, олармен бірге алып қойылған өздігінен жазушылардың мағынасын ашу, әуе кемесінің қозғалтқышы мен оқиға орнында тексеру жүргізіледі. Апатқа ұшыраған әуе кемесі 1996 жылы Голландияда "Fokker" зауытында құрастырылып, 2020 жылдың 21 мамырына дейін ұшу жарамдылығы сертификатына ие болғаны анықталды.
Жедел-тергеу тобы бірнеше нұсқаларды, соның ішінде кеменің техникалық ақаулығын, ауа райы және метеорологиялық жағдайларды, сондай-ақ ұшу кезінде жіберілген ықтимал қателерді пысықтайды.
28 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматы қаласының медициналық мекемелерінде 47 зардап шеккен адам жатыр, оның ішінде 9 бала стационарлық емделуден өтті. 4 зардап шеккендерге медициналық тексеруден кейін амбулаторлық ем тағайындалып, үйлеріне жіберілді. Қаза болғандардың саны өзгерген жоқ (12 адам).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: