Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстандағы мереке күндерінің тізіміне өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Осылайша, республикадағы мереке күндерінің тізімі 48-тармақпен толықтырылды. Енді елімізде мұрағатшылар күні атап өтіледі. Бұл мереке ресми түрде 22 желтоқсанға бекітілген. 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылға арналған өндірістік күнтізбесін жариялаған болатын.
Елдегі ең ұзақ демалыс күндері дәстүр бойынша наурыз және желтоқсан айларында өтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: