Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ» ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

1-7 қыркүйек аралығында «Денсаулық – тәуелсіз елдің тірегі» ұранымен өтіп жатқан апталық аясында №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектепте салааралық бағытта облыстық акция ұйымдастырылды, деп хабарлады облыстық жастар денсаулығы орталығы.
Іс-шара аясында мектеп оқушыларымен мұғалімдерге арналған медициналық қалашық ұйымдастырылып, дәрігерлік тексерулер мен кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Медициналық қалашығында жалпы тәжірибелік дәрігер, гинеколог, уролог, психолог мамандары тексеру жүргізді.
Сонымен қатар төменгі сынып оқушылары арасында асфальтқа сурет салу, орта сынып оқушылары арасында түрлі эстафеталық спорттық сайыстар өтті. Спорттық шараларға және асфальтқа сурет салу сайыстарының жеңімпаздарына және белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен табыс етілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: