Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жалағаштық оқушылар ЭКСПО көрмесіне қатысуға ниетті

Жалағаштық оқушылар ЭКСПО көрмесіне қатысуға ниеттіЖалағаш аудан №202 мектепте «ЭКСПО-2017: Үздік инновациялық туындылар» тақырыбында көрме өтті. Онда ғылымға жаңалық енгізуге талпынып жүрген оқушылардың туындылары қойылды. Елдің болашағы саналатын өрендердің жұмысын облыс әкімі арнайы барып көрді.
Аудандағы №232 мектептің 11 сынып оқушысы Батыржан Қоныс күн көзінен қуат алатын көп салалы комбайынды өндіріске енгізгісі келеді. Жас өреннің талабы таудай. Бұл еңбегін түбегейлі зерттеп, мақсатына жетер болса оның ауыл шаруашылық саласында көмегі көп. Жалпы, оқушылардың басым бөлігінің жұмысы баламалы қуат көздерін пайдалануға бағытталған. Жалағаштық өрендер ғылыми жұмыстарын дамыта отырып, екі жылдан соң өтетеін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне ұсынбақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: