Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру мәселесі таразыланды

Жаңақорған және Шиелі аудандарында ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші қожалық басшылары мен жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізілді.
Онда ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Көпшілік алдында облыстық ауыл шаруашылығы және облыстық кәсіпкерлік  басқармаларының басшылары пікірін білдірді. Сондай-ақ, Қызылорда облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалының өкілі, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалының Заң бөлімінің басшысы, «Өңірлік инвестиция орталығы» ЖШС-нің менеджері және «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басшысының орынбасары жұртшылық тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. 
2020 жылдың 11 тамыз күні Жаңақорған және Шиелі аудандарында ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші қожалық басшылары мен жеке кәсіпкерлермен кездесті. 
Кездесу барысында тауарөндірушілерге несиелендіру жолдары мен қаржыландыру мүмкіндіктері туралы толық мәліметтер берілді. 
Дәл осындай тауар өндірушілермен кездесулер барлық аудандарда жүргізілетін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: