Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада «Даму бала» ісі бойынша сот шешімі өзгертілді

2025 жылы 17 қазанда Апелляциялық сот үкімімен алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны және мүлікті заңдастыру фактілеріне қатысты екі қоғам белсендісі ҚП ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен және ҚК-нің 218-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды.


Естеріңізге сала кетейік, Спорт және Мәдениет басқармалары жанынан құрылған мониторингтік топтардың мүшесі мен оның көмекшісі «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсетіп отырған кәсіпкерлердің мемлекеттен бөлінген қаражаттарының негізді жұмсалуына қатысты жүргізілген тексерулер барысында анықталған кемшіліктер бойынша оң шешім қабылдауға уәде беріп, 88 млн. теңге қаражатты иеленіп,
қылмыстық құқық бұзушылық жолымен алынған ақша қаражатына мүліктер сатып алып, мәмілелер жасасу арқылы заңды айналымға тартқан.
Апелляциялық сот үкімімен мониторинг тобының мүшесі болған сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жолымен алынған құны 17 123 333 теңгенің «KIA Sportage» маркалы автокөлігі және құны 46 217 506 теңгенің үйі мен тінту барысында алынған 19 840 000 теңге қаражаты мемлекет пайдасына тәркіленіп, оған Қылмыстық кодексінің 74-бабын қолданылып, тағайындалған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасының орындалуы 5 жылға, яғни он төрт жасқа дейінгі балаларының кәмелетке толуына дейін кейінге қалдырылған.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: