Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ 58,4 ПАЙЫЗЫ НӘЗІК ЖАНДЫЛАР…

АРАЛДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ 58,4 ПАЙЫЗЫ  НӘЗІК ЖАНДЫЛАР…Арал аудан бойынша өткен жылы орта есеппен алғанда 3642 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелген болса, олардың 58,4% әйел кәсіпкерлердің еншісінде. 
Ал, мейрамхана және қонақ үй, шаштараз, тігін шеберханалары мен өзге де қызмет көрсету кәсіптерін бөліп қарайтын болсақ, онда әйелдердің үлесі 81,7% құрайды. 
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мәлімдеуінше: «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бағыты бойынша 10 жобаны жүзеге асыруға қол жеткізсе, олардың 17% пайызы әйел адамдарға тиесілі. Сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 2- бағыты бойынша шағын несиелендіру құрылымдары арқылы 21- азаматшаға несие берілген. 
Ауданда кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылғаннан бері бизнес-мектебі арқылы кеңестер алып, сертификатқа ие болған жалпы 2406 кәсіпкерлердің ішінде 76 пайызы нәзік жандылардың үлесінде.
Кәсіпкерлік саласында жүрген қыз –келіншектер өз істерін жандандырып қана қоймай жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне септігін тигізіп халықты тұрақты жұмыспен де қамтып отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: