Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ХҚКО-ДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ХҚКО-ДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

 

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің мамандырылған бөлімінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Сабақ барысында Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметтің күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы азаматтық қорғау майоры Ж.Өндірей эвакуациялық жүйесі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызметкерлерге оқу процесін түсіндірді. Ерікті өрт сөндіру ұйымы төтенше жағдайлар кезіндегі жедел шараларды орындады.
Сценарий бойынша сервер кабинет ғимаратында түтін шығып, қауіпсіздік жүйесінің бастығы дереу 101-ге хабар берді. Сол уақытта ғимаратта 120 адам болды. Жаттығу автоматты өрт дабыл қондырғысын қосудан басталды. Жаттығу барысында халыққа қызмет көрсету қызметкерлері халықты көшіруге қатысты. Өрт сөндірушілер келу кезінде адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Шартты өртті жою кезінде Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің 2 техника және 12 өрт сөндірушілер қатысты.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу барысында іс-қимылды тек ғимараттың қызметкерлері ғана орындап қойған жоқ. Сонымен қатар өрт сөндірушілер нысанның жолдарын анықтады, өрт гидранттарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеуін, нысанның ерекшеліктерін зерттеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: