Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

NASA аппараты Юпитердің жаңа суретін жақыннан түсірді


Юпитер жүйесін зерттеумен айналысатын «Юнона» планетааралық стансасы жерге осы планетаның жаңа суретін жолдады, деп хабарлайды
ҚазАқпарат nasa.gov сайтына сілтеме жасап.
Сурет 3 қараша күні апараттың планетаға жақын келгенінде кейін түсірілген, деп мәлім етті NASA.
Суретті түсірген уақытта «Юнона» Юпитер бұлттарының үстінде 104,6 мың шақырым қашықтықта болған.
Құрылғы Юпитердің оңтүстік жарты бөлігін түсірген. Суретте полюс маңындағы қуатты циклондар, сонымен қатар қызғылт сары жолақ пен полярлық аймақ арасында орналасқан бей-берекет жөңкілген бұлттар көрініп тұр.
Айта ктерлігі, «Юнона» Юпитердің орбитасына 2016 жылдың 4 шілдеде ұшып жетті. Ол планета орбитасында әлі бірнеше жыл тұрақтап, Жерге жаңа суреттерді жіберіп отырады. Жұмыс аяқталған соң зондтың көзі жойылады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: