Қызылорда қалалық № 2 сотының тергеу судьясы С.Абдиканов алаяқтық қылмысына сезікті Б.-ның «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялау туралы Қызылорда ҚІІБ-ның тергеушісінің өтінішін қарады.
Қызылорда қалалық № 2 сотының баспасөз қызметі мәліметі бойынша сотпен анықталғанындай, сезікті Б. қылмыстық қудалау органымен қасақана ауыр қылмыс жасағаны үшін сезік келтірілген, дәлірек айтқанда, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1 тармағымен (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық қылмысы) сезікті деп танылған.
Сот Б.-ның қасақана ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті болғанын ескере келе, «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қанағаттандырды. Қаулы заңды күшіне енген.