Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ДЖУНГЛИ ШАҚЫРАДЫ» ОҚУШЫЛАР ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ТУҒЫЗДЫ

«ДЖУНГЛИ ШАҚЫРАДЫ» ОҚУШЫЛАР ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ТУҒЫЗДЫӘ,Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың әдебиеті бөлімі №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейде «Джунгли шақырады» атты әдеби вернисаж өткізді. 
Оған 1-5 сынып оқушылары қатысты. Аталмыш шара әлемдік сөз өнерінің және балалар әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі Джозеф Редьяр Киплингтің 150 жылдығына арналды.   
Ол өз туындыларында қарапайым адамдардың, қатардағы жауынгерлердің ар мен сезім тазалығын, адамгершілік қасиеттерін, адал еңбегін шынайы суреттеген. Жазушының ең үздік шығармасы – «Джунгли Кітабы». 
Джунгли әлеміне қызықты саяхаттың алдында кітапханашы  балаларды жазушының шығармашылығымен және балалық шағымен таныстырды, Шара барысында бейне-ролик көрсетілді.  Балалар «Жыртқыштар» және «Шөпқоректілер» топтары  болып екіге бөлініп Киплингтің  ең үздік ертегілерінің білгірі  атағын алу үшін жарысты. Сайыс: «Сөзді аяқта», «Акелланың жұмбактары», «Кокосты қозға», «Жегіш от», «Лиананың түйінін шеш», «Сөз торғай емес, ұстамасаң -  ұшып кетеді», «Ең тез». Шара өте қызықты өтті, соңында сайыс жеңімпаздары марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: