ДЕНСАУЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТКІЗІЛДІ
Жалағаш ауданының әкімі Талғат Дүйсебаевтың төрағалық етуімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарованың қатысуымен Жалағаш ауданындағы денсаулық сақтау саласының жағдайы туралы кеңейтілген мәжіліс өткізілді.
Мәжіліс барысында аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Аманкүл Өтегенқызы, облыстық ана мен бала орталығының бас дәрігері Күлтаева Ләйлә Айтбайқызы, облыстық онкология орталығының бас дәрігері Серғазиев Сәкен Бақтыбергенұлы, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Рысмұхамедов Күләш Райбекқызы және облыстық туберкулезге қарсы күрес дипсансері бас дәрігерінің орынбасары Сариева Ұлмекен Мұхамедиярқызы өз салалары бойынша хабарлама жасап, өзекті мәселелерді талқыға салды. Сонымен қатар, мәжіліске аудандық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясы мен аудан әкімдігінің активі қатысты.