Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жеңіл көлік жаяу оқушыны қағып кетті

Қызылорда қаласында жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолында оқушы қызды қағып кетті.
Оқиға облыс орталығындағы Н. Назарбаев даңғылы бойында тіркелді. Жаяу жүргіншілер жолағында жолдан өтпек болған оқушыны жеңіл көлік қағып кетті.
«Аталған оқиға ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалып, анықтау жұмыстары жүргізілуде. Күдікті азамат Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Қызылорда қалалық білім бөлімі оқушының жағдайы қалыпты екенін хабарлады. Қазір ол палатаға шығып ем қабылдауда. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: