Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

 Облыс әкімі Бану Нұрғазиевамен кездесті 

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті Бану Нұрғазиевамен кездесіп, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған ортақ мәселелерді талқылады.
 

Жиын барысында аймақ басшысы қоғамды дамытуда азаматтық сектордағы әрбір бастамалардың маңызды екенін тілге тиек етіп, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті негізінде бірлескен жұмыстарды сапалы орындауға мүмкіндік туатынын жеткізді. 
- Азаматтық Альянсқа топтасқан азаматтардың әрбірі ел дамуына қызмет етіп, түрлі ұсыныстар енгізіп, жаңа бастамаларды іске асыруға белсенділік танытып келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында саяси-экономикалық реформаларды жүзеге асыруда мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуін және азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде жаңғыртуды тапсырды. Осы орайда, азаматтық қоғам құрылымдарына облыстық бюджеттен қаржылай қолдау көлемін соңғы 5 жылда 3 есеге ұлғайттық. Сондықтан алдағы уақытта азаматтық бастамаларды қолдауды одан әрі жалғастыратын боламыз, - деді Гүлшара Әбдіқалықова. 
Өз кезегінде Бану Нұрғазиева мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы байланысты нығайту жолында тиімді жобаларды атқару және өңірдегі негізгі ерекшеліктерге сай конструктивті диалогқа негізделген бастамаларды іске асыруға мүдделі екенін жеткізді.   
Айта кетейік, облыстағы үкіметтік емес ұйымдар саны жыл санап көбейіп келеді. Бүгінде олардың қатары 1200-ге жуықтайды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: