Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ«Қылышын сүйретіп» қыс келеді. Дәл осы жылу беру маусымында өрттің шығу қаупінің көбейетін кезеңі. Осыған орай, «Халыққа қызмет көрсету орталығының» Арал аудандық бөлімінде өрт сөндіру мекемесінің мамандарының қатысуымен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде семинар болып өтті.
Семинардың мақсаты – мекеме ғимаратын, қызметкерлер мен бөлімге келуші тұтынушылардың өмірін өрттен қорғау болып табылады.
Көп жағдайда төтенше жағдайлар орын алғанда адамдар үйде немесе қызметтік орындарда қандай іс-әрекетке көшу керек екендігін біле бермейді. Сол себепті шығындарға ұшырап жататынымыз бар. Сондықтан шара барысында бөлім қызметкерлеріне өрт қаупі төнген кезде қандай жұмыстар жүргізілуі тиіс екенін айта келе, мамандар осындай жағдайда қолданылатын құрылғылардың пайдалану ережелерін көрсетіп, түсіндіріп берді. Сондай-ақ, бөлімнің реттеу зал басшысы Е.Ашықбаев алдағы уақытта да аталмыш шараға байланысты алдын алу жұмыстары жалғаса беретінін айтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: