Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қауіпсіздік белдігін тақпағандарға әкімшілік шара қолданылды

Қауіпсіздік белдігін тақпағандарға әкімшілік шара қолданылдыЖол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзу деректерін анықтау, қауіпсіздік белдіктерін тақпай автокөлікті басқарған жүргізушілерге шара көру мақсатында Әкімшілік полиция басқармасының жол патрульдік полиция ботальон инспекторлары мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен рейдтік шара ұйымдастырылды.
Қызылорда облыстық ішкіі стер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара барысында облыс орталығында ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігіне сәйкес автокөлікті қауіпсіздік белдіктерін тақпай басқарған 66 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Атап айтқанда, шілде айының 8-і күні кешкі сағат 17.15 шамасында қала орталығындағы Желтоқсан көшесі бойында «Ланд Крузер Прадо» маркалы автокөлігінің жүргізушісі тоқтатылды. Аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігіне сәйкес қауіпсіздік белдігін тақпай басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, алдағы уақытта қауіпсіздік белдігін тағып, жол қозғалысы ережелерін сақтап жүру керектігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: