Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТ ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТ ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІӘ.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Азаматтық бақылау» жобасы аясында мемлекеттік қызмет істері департаменті мен «Консенсус» қоғамдық қоры бірлесіп «Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік әдеп ережелері» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Конференцияның мақсаты мемлекеттік қызмет институтының қоғамдағы рөлі мен миссиясын, мемлекеттік қызметшілердің бейнесіне рухани-адамгершілік және іскерлік сапаларына талаптарды арттыруға бағытталған мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп ережелердің қазақстандық моделінің қалыптасу және даму кезенін баяндауға бағытталды.
Конференцияны департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Б.Байхожаев ашып, біздің елімізде тәуелсіздік алған уақыттан бері халықаралық тәжірибеге сүйене отырып мемлекеттік қызметтің бірегей үлгісі құрылғандығы туралы атап өтті. 
Мемлекеттік басқару саласындағы маңызды өзгерістер мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы туралы өз баяндамаларында мемлекеттік қызметшілер мен бюджет  қызметкерлерін  қайта даярлау және олардың біліктілігін  арттыру өңірлік оқу орталығы директорының орынбасары С.Насипова, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты А.Әбдімомынова, Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ғ.Ілкібаев және «Консенсус» қоғамдық қорының президенті Е.Күмісходжаев әңгімеледі.
Конференцияға облыстық жергілікті мемлекеттік органдар басшылары, ҮЕҰ, бизнес, академиялық қауымдастық және БАҚ өкілдері қатысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: