Қызылорданың бірқатар бөлігінде табиғи газ беру уақытша тоқтатылады
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы тарату желілерінде жөндеу-профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 13-ші қазанында сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін Қызылорда қаласының Қарауылтөбе елді мекенінің және Әл-Фараби шағын ауданының тұрғын үйлері мен объектілеріне табиғи газ беру уақытша тоқтатылады.
Газды өшіру кезінде газ қондырғылары алдындағы крандарды жабу қажет. Филиал қызметкерлері 13-ші қазан сағат 15.30-дан бастап газды қайта қосады. Аталмыш мөлтек ауданның тұрғындары сол уақытта үйлерінде болуы керек.
Газдың иісі шығуы анықталған жағдайда 104 телефонына қоңырау шалыңыз.