Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сырдарияға 5 адам суға кетті

Сырдарияға 5 адам суға кеттіҚызылорда облысында мұз астына түсіп кеткен бес адамның мәйіті шығарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
«Кеше 13 сағат 51 минут шамасында Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылының тұсында «УазФермер» автокөлігімен Сырдария өзенінің мұз үстінен өту барысында Арал ауданының тұрғындары А. Әбдікеров 1977 ж.т., Н.Әбдікеров 1991 ж.т., Б.Оңғаров 1980 ж.т., Б.Садықов ж.т., және Қазалы ауданының тұрғыны А.Әбілов 1974 ж.т. суға батып кеткен.
17 сағат 40 минутта «УазФермер» автокөлігіне тиелген Урал маркалы мотоциклі және ішіндегі 5 адамның мәйіті Қызылорда облысы ТЖД-нің Суда құтқару қызметі жеке құрамы (4 адам), 1 бірлік техника, 1 арнайы көтергіш кранның көмегімен көтеріліп, жағаға шығарылды», - деп жазылған хабарламада.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: