Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА БАЛАБАҚША ҰЖЫМДАРЫ АУЫЗАШАР БЕРДІ

 

Сауабы мол қасиетті Рамазан айында игі іске ат салысудың өзі бір ғанибет. Аллаға шүкір, ауданымызда бұндай ізгі істер жыл сайын жалғасып келеді.
Арал ауданының өркендеп-дамуына өзіндік үлесі бар «Қарлығаш», «Жазира», Балдырған», «Толқын», Мереке», «Гүлдер», «Алтын балық», «Шағала», «Сартай» сынды балабақшалар ұжымы бірлесіп ораза тұтқан жамағатқа арнап ауызашар берді.
Ауызашар барысында өңірдің қадірлі ақсақалдары мен ағалары сөз алып, мүбәрак Рамазан айына тілектерін айтты.
Ақ дастархан басында бас қосқан иігі жақсылар қатарында ауданның орталық мешітінің наиб имамы Нұржан Кеңесханұлы ұжымға ақ батасын беріп, береке дұғасын сыйға тарту етті. Ауызашардан кейін Құран оқылып, елдің амандығы мен халқымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: