2015 жылғы 11 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық өндірушілерді қолдауға шақырған болатын. Онда Елбасы «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын бастауды ұсынған еді. Акция барысында сауда желілерінде сатылатын қазақстандық өнімдер көзге бірден түсердей ерекше көрсетіліп қойылады.
Осыған байланысты Жалағаш ауданындағы ірі сауда дүкендерінде қазақстандық өндірушілердің өнімдері орналасқан дүкендер бұл бағытта тиісті іс-шараларға мән беріп отыр. Атап айтқанда, «Ақниет», «Қаракөз» ірі сауда дүкендерінің тұсында «Қазақстанда жасалған» деген атауымен отандық өнімдердің сатылып жатқаны байқалды. Тұтынушылар тарапынан да қызу саудаға түсіп, сатылып жатқан отандық өнімдерге де көз жеткізілді. Сондай-ақ, алдағы уақытта да бұл ауқымды акция шағын сауда үйінде де жалғасын тауып, өз нәтижесін беретін болады.