Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Коронавирус: Қызылордада бүгін науқастар тіркелген жоқ

Бүгін 14 сәуірде сағ. 8.30-де Қызылорда облысында СОVID-19 короновирусы инфекциясымен соңғы тәулікке тіркелген жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
" Өңірде тіркелгендердің жалпы саны 119. Оның ішінде, Қызылорда қаласы -12, Жаңақорған -18, Арал -4, Сырдария -23, Қармақшы -4, Шиелі -57, Қазалы -1 жағдай. Қазіргі таңда, науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, емдерін алуда",-деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
13.04.2020 жылы облыс бойынша алғашқы науқас стационардан шығарылып, әрі қарай үй жағыдайында 14 күн аймақтық емхананың бақылауында болады.
Сондай-ақ, облыс бойынша коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған -1489 азамат, оның 828-і тікелей қарым-қатынаста, 661-і жанама қарым-қатынаста болғандар. Бұған қоса, инфекциялық стационарға 118-і , провизорлық стационарға 43-і , карантиндік стационарға 512-сі , барлығы 673 азамат жіті бақылауда.
Ескерте кететін жағдай, соңғы тәулікте қызылорда облысына сырттан 15 азамат келген. Олар да бақылауға алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: