Қазалы ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазалы ауданының психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 5-10 жас аралығындағы даму мүмкіндігі шектеулі балалармен «Біз толағай боламыз!» - атты эстафеталық жарыс өтті.
Сайыста 5 турдан тұратын «Сұңқар», «Тұлпар» командалары бақ сынасты. Эстафеталық жарысты ППТК меңгерушісі Злиха Әбіл және аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Ерболат Тұрымов балаларға сәттілік тіледі.
Сонымен бірге эстафеталық жарысқа демеушілік жасаған «Сыр маржаны» ЖШС-нің директоры, аудандық мәслихат депутаты Мінәжадин Өтеев және «Медфарм» дәріханасының меңгерушісі Асхат Шериповке алғысымыз шексіз. Спорттық сайыс соңында қатысқан командаларды жүлделермен марапаттап, сыйлықтар табыс етілді.