Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРАТЕРЕҢДЕ БАЛЫҚ ӨҢДЕУ ЗАУЫТТАРЫ САЛЫНАДЫ

ҚАРАТЕРЕҢДЕ БАЛЫҚ ӨҢДЕУ ЗАУЫТТАРЫ САЛЫНАДЫБүгін аудан әкімі М.Оразбаев Қаратерең ауылдық округінің халқымен кездесіп, округ әкімі Қ.Жиенбаев 2016 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
Есепті кездесу барысында ауылдағы каналдарды жүйеге келтіру мақсатында ПРООН қоғамдық бірлестігі арқылы 1 млн теңге қаржыға 18 мың гектар шабындық алқапты суландыратын құйылыс дамбысын қалыпқа келтіру жұмысы қолға алынғандығы, сонымен қатар, аудандық бюджеттен 826 мың теңгеге төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында «Баян» каналының тиісті құжаттары рәсімделгені баяндалды.
Ауылшаруашылық бағытында өткен жылы ауыл көлемінде асыл тұқымды 3 бұқа сатып алынса, «Құлан» бағдарламасы бойынша жергілікті кәсіпкер К.Абеков 3 млн теңге несиеге 13 бас жылқы сатып алған.
Сонмен қатар, округ бойынша өткен жылы орталық көшелер жарықтандырылып, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 11 млн теңге қаржыға дәрігерлік амбулатория құрылысы қолға алынған. 
Жиын барысында бұдан бөлек аудан әкімі де есеп беріп, алда атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталды. Соның ішінде, Қаратерең ауылдық округінде 2017-2019 жыл аралығында бірнеше балық қабылдау және өңдеу зауыттарын салу жоспарлануда.
Есепті кездесуде көпшілік көкейдегі сауалдарын жолдап, жүргізіліп жатқан мемлекет саясатының шарапатын көріп отырғандықтарын жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: