ХҚКО РМК Қазалы аудандық бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» ҚР Заңын басшылыққа ала отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асыру – бүкілхалықтық міндет» тақырыбында семинар өтті.
Реттеу зал басшысы Ж.Әуесбаевтың төрағалығымен өткен семинарда бөлім инспекторы А.Нұрмаханов қоғамда орын алатын сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі жөнінде баяндама жасады. Семинар соңында бөлім қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жөнінде өз ойларымен бөлісті.