Көлік артындағы резеңке баллонға отырған 2 жігіт қайтыс болды
Жолай жас азаматтар қарсы жолға түсіп «Nissan X-trail» маркалы көлікпен қақтығысқан. Шығыс Қазақстанның Бесқарағай ауданында жол апаты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Стеклянка ауылынан 7 шақырым жердегі «Семей - Дөлен» тасжолында 19 жастағы «Nissan Terrano» жүргізушісі көлігінің артына резеңке баллонды іліп, оған 2001 және 2002 жылы туған екі танысын отырғызып, заңсыз қозғалысын жалғастырған.
Жолай жас азаматтар қарсы жолға түсіп «Nissan X-trail» маркалы көлікпен қақтығысқан. Салдарынан баллонда отырған екі жігітті көлік соғып, олар әртүрлі дене жарақатымен оқиға орнында мерт болды.
19 жастағы көлік жүргізушісін Бесқарай аудандық полиция қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына қамады.
Сараптама жасалып жатыр. Жол ережесін бұзып, абайсыздық таныту салдарынан екі адамның қайтыс болуына қатысты ҚР ҚК 345-бап, 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.