Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада полицейлер суға түсіп кеткен жылқыны құтқарды 

Қызылорда облысында мұзы ойылып суға түсіп кеткен жылқыны құтқарды.
Оқиға Қазалы ауданы Басықара елді мекені аумағында болды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мұздың ойылып кетуі салдарынан суға түсіп кеткен жылқыны құтқарып қалды. 
«Өңірде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында жедел топтар құрылған.Бұл мақсатта рейдтер ұйымдастырылуда. Оқиға сол рейдті жүргізу барысында болған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: