Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАЛАҒАШТА «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ» ӨТКІЗІЛДІ

ЖАЛАҒАШТА «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ» ӨТКІЗІЛДІ

 

Бүгін, 11 маусымда Жалағаш кентінің орталық алаңында   «Денсаулық фестивалі-2016» ұйымдастырылып өткізілді. 
Бұл шара аудандық жастар денсаулылығы орталығы  және амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасы, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің бірлесуімен «Біз – салауатты өмір салты үшін» ұранымен өтті.
Фестиваль барысында жастардың флеш мобы ұйымдастырылып, жаппай спорттық жаттығулар өткізілді. Акцияға 500-ден аса аудан тұрғындары қатысып, белсенділік танытты. Акция барысында жедел – жәрдем бригадасының кезекшілігімен орталық алаңда «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылып, тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетті. Атап айтқанда : қан қысымы, флюро автокөлігі, қандағы холестерин мен қант мөлшері, антропометриялық көрсеткіштер мен түрлі аурулардың алдын алуға арналған ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
Акция соңында Амбулаториялық – емханалық қызметі бар Жалағаш Аудандық Орталық Ауруханасының бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары А.Өтегеноваға сөз беріліп «Денсаулық фестивалі -2016» аясында өткізілген «Біз салауатты – отбасымыз» атты толағай сайысындағы жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен түрлі алғыс хаттармен мараппаттады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: