Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Forbes 2019 жылы ең көп табыс тапқан миллиардерлер тізімін жариялады



Forbes журналы соңғы 12 айда әлемнің өзге ақшалы алпауыттарына қарағанда көбірек табыс тапқан миллиардерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды
ҚазАқпарат.
Басылым қызметкерлері табысы 1 млрд доллардан кем емес 2,2 мың азаматтың мәліметтерін саралады. Әңгіме қаражатын компанияларға құйып,акциялары еркін айналымда жүрген адамдар туралы болып отыр. Бұлардың 2018 жылдың 28 желтоқсаны мен биылғы 13 желтоқсан аралығындағы актив бағаларының өзгерістері ескерілді.
Басылым осы мерзім бес миллиардер үшін табысты болып, олар 112 млрд долларға жуық ақша тапқанын мәлім етті.
Бұл тізімге Louis Vuitton Moet Hennessy француз компаниялар тобының төрағасы Бернар Арно, америкалық Facebook корпорациясының басшысы Марк Цукерберг, испандық Zara сауда желісінің иесі Амансио Ортега, америкалық Microsoft компаниясының бұрынғы басшысы Стив Балмер, сонымен қатар, Reliance Industries үндістандық холдинг иесі Мукеш Амбани енген. Арно бұл кезеңде 40 млрд доллар тапқан, оның жалпы қаражаты 107,7 млрд долларға дейін артты. Цукербергке тиесілі активтер 22,1 млрд долларға өсіп, 72 млрд долларды құрады. Ортегоның мүлкі17,3 млрд долларға көбейіп, 74,9 млрд долларға жетті. Балмердікі 16,3 млрд-қа көбейіп, 56,3 млрд доллар болса, Амбани мүлкі 16,1 млрд-қа өсіп, 61,4 млрд долларға жетті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: