Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Қызылорда облыстық мәслихатының Әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы» мәселе бойынша комиссия отырысы өткізілді. 
Комиссия отырысына арнайы облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов пен облыстық білім саласы қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Райкүл Мансұрқызы қатысты. Сондай-ақ, аталған мәселе жөнінде отырыста аудандық мәслихат депутаттары, білім бөлімінің басшылығы, ауыл әкімдері, мектеп директорлары, кәсіпкерлер қамтылды.
Күн тәртібіндегі әлеуметтік мәселенің Арал ауданы бойынша орындалуы жөнінде аудан әкімінің орынбасары Жұмагүл Әлішева хабарлама жасады. Өз хабарламасында аудан оқушыларын сауықтыру үшін қажетті жағдайларды жасау, олардың демалыс мезгілдерін жаңаша қолдану және мәдениетін қалыптастыру, денсаулығын, шығармашылық еңбегін, қабілеттілігін арттыруда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын, жалпы биыл ауданда 1-10 сынып аралығындағы 14 мыңнан аса (14 418 бала) баланы сауықтыру және демалыспен қамту жоспарланғандығын атап өтті.
Жиналыс барысында аталмыш мәселе өзара талқыға салынып, сұрақтар қойылып, бұл жұмыстарды одан әрі дамыту керектігі турасында тапсырмалар берілді. Отырыс соңында белсенділік танытып жүрген ауданымыздың кәсіпкерлері Берік Темірханұлы мен Ақыл Сәдуақасқызы арнайы обылыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: